Дәулет Шабанбайға 10 жылдан кейін Олимпиада медалі бұйырды

Дәулет Шабанбайға 10 жылдан кейін Олимпиада медалі бұйырды

Сербия астанасы Белградта күрестен әлем чемпионаты кезінде Қазақстан қоржынына ерекше жүлде түсті. Бұлай дейтін себебіміз, бұл Олимпида медалі-тұғын. Араға 10 жыл салып, аса ауыр салмақтағы еркін күрес шебері Дәулет Шабанбай Лондон Олимпидасының қола жүлдесін мойнына тақты.

Мұның бәрі сол кезде чемпион атанған Артур Таймазов (Өзбекстан) пен күміс жүлдегер Давид Модзманашвилидің (Грузия) допинг сынамасы 2019 жылы қайта тексерілді. Қан құрамынан тыйым салынған заттар табылған соң, екеуі жүлдесін қайтарып берген еді. Енді алтын жартылай финалда Таймазовтан ұтылған ирандық Комейл Немат Гасемиге берілді. Күміс ресейлік Билял Маховқа бұйырса, қос қола отандасымыз Дәулет Шабанбай бен америкалық Тервел Длагневтің еншісінде. Жаңа жеңімпаз бен жүлдегерлерге медальді Халықаралық күрес федерациясының (UWW) басшысы жəне Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) мүшесі Ненад Лалович табыстады.

Сол сәтке оралар болсақ, Дәулет ХХХ жазғы олимпия ойындарына бабында барды. Гейтингте жоғары тұрғандықтан бірден 2-айналымда румыниялық құрдасы Рареш Даниэль Чинтоанның осал тұсын тапты. Алайда ширек финалда Давид Модзманашвилимен болған тартысты күресте есе жіберді. Қазақстандық балуан мексикалық Хессе Руис Флоресті ұтып, қола медальге таласуға мүмкіндік алған. Шиеленісті өткен белдесуде ресейлік Билял Маховтың жолы болып, қола жүлдені уысына түсірген.

Бүгін елге оралған балуанды республикалық Спортты дамыту дирекциясы директорының міндетін уақытша атқарушы Оралбай Жақсымбетов қабылдап, құттықтады. Жүздесу барысында еліміздегі күрестің қазіргі жағдайы жайлы пікір алмасты. Сондай-ақ дәулет Шабанбай әлем чемпионатындағы спортшыларымыздың нәтижесі төңірегінде өз ойын айтты.

Осы орайда 2016 жылы да дәл осылай қазақстандық балуанға Олимпиада медалі қайта берілгенін айта кетейік. Бейжіңде үздік үштікті түйіндеген Нұрбақыт Теңізбаев арада 8 жыл өткен соң күміс жүлдегер атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или