Еркін күрес

Азамат Даулетбеков әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Азамат Даулетбеков әлем чемпионатының  қола жүлдесі үшін күреседі
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Азамат Дәулетбеков Сербиядағы әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады.

Азамат 86 келі салмақта әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын. Алайда осы кезеңде Олимпиада әрі әлем чемпионы, америкалық Дэвид Тейлордан ұтылып қалды. Есеп - 0:11. Енді Азамат Дәулетбеков әлем біріншілігінің қола жүлдесіне таласады. Бүгін жарыс жолына шыққан Талғат Сырбаз (70 келі), Болат Сақаев (79 келі) және Олег Болтин (125 келі) қарсыластарына есе жіберді.

Айта кетелік, еркін күрес шеберлерінің бәсекесі бүгін басталды.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер