Күрес

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионында күміс медаль иеленді

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионында күміс медаль иеленді

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жәмила Бақбергенова күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

72 келіге дейінгі салмақтағы жарыстың финалында Бақбергенова америкалық Амит Елордан жеңіліп қалды.  

Бақбергенова турнирді ширек финалда бастап, өзбекстандық Светлана Окназарованы мерзімінен бұрын жеңген болатын. Жартылай финалда Бақбергенова Александра Анхелді (Румыния) сенімді түрде жеңген еді.

Айта кетейік, былтырғы әлем чемпионатында да Жәмила Бақбергенова финалға шығып, жапониялық Масако Фуруичиден жеңіліп қалған болатын. Одан бөлек, ол екі рет Азия чемпионатында топ жарған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0