Күрес

Әлем чемпионаты: Үшінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Әлем чемпионаты: Үшінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Сербия астанасы Белградта грек-рим, әйелдер және еркін күрестен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады, Prosports.kz.

Жарыстың үшінші күнінің кестесі мынадай (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша):

16:30 – 18:30

Грек-рим күресі
Алдын ала іріктеу (60 келіге дейін, 130 келіге дейін). 60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан Айдос Сұлтанғали, 130 келіге дейінгі салмақта Әлімхан Сыздықов белдеседі.
Жұбаныш белдесулер (63 келі, 67 келі, 82 келі, 97 келіге дейін). 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Диас Кален қытайлық Ван Чэнгвумен кездеседі. Бұл кездесудің жеңімпазы әзербайжандық Рафик Хусейновпен белдеседі.

 

Әйелдер күресі
Алдын ала іріктеу (55 келіге дейін, 62 келіге дейін). Кілемге қазақстандық Марина Седнева (55 келі) мен Аяулым Қасымова (62 келіге дейін) шығады.

 

20:45 – 21:45
Грек-рим күресі. Жартылай финал (60 кг, 130 кг).
Әйелдер күресі. Жартылай финал (55 кг, 62 кг).

 

21:45 – 01:00
Грек-рим күресі. Финал (63 кг, 67 кг, 82 кг, 97 кг).

Нұр-Сұлтан уақытымен 20:45-тен бастап турнирді Qazsport телеарнасына тікелей эфирде көруге болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0