«Тұранның» бас бапкері қызметінен кетті

«Тұранның» бас бапкері қызметінен кетті

«Тұранның» бас бапкері Сергей Когай қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тұран» ФК бас бапкер Сергей Когаймен екі тараптың келісімі бойынша келісімшарт мерзімін уақытынан бұрын аяқтау туралы шешімге келгенін хабарлайды.

Александр Кучма клубтың бас бапкерінің міндетін уақытша атқарады.

Кучма «Тұранды» чемпионаттың алдағы «Ордабасыға» қарсы матчына дайындайды. Одан кейінгі кадрлық шешімдер туралы қосымша хабарлаймыз.

«Тұран» ФК Сергей Когайға атқарған қызметі үшін алғысын айтып, алдағы уақытта тек сәттілік тілейді!», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0