Қазақстандық спортшы жағажай самбосынан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы жағажай самбосынан әлем чемпионы атанды

Атыраулық балуан Айдынбай Қайырберді жағажай самбосынан әлем чемпионы атанып, тағы бір спортшы қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап

Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлем чемпионаты Израильде өткен.

«Жарыстар Бат-Ям қаласында (Израиль) 27-28 тамызда өтті. Бұл чемпионатқа әлемнің 24 елінен балуандар қатысты. Атыраулық спортшы Айдынбай Қайырберді 58 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Спортшы Ресей, Румыния және Марокко балуандарын сенімді түрде жеңді. Осылайша ол жағажай самбосынан әлем чемпионы атанды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

71 келіге дейінгі салмақта тағы бір атыраулық спортшы Жұмабай Парасат осы чемпионаттың жүлдегері атанды.<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или