Қазақстанның жас футболшылары «Бавария» клубын көріп қайтуға бақ сынасуда

Бүгін Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында футболдан III ашық чемпионат басталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстанның жас футболшылары «Бавария» клубын көріп қайту құқығына ие болу үшін өзара бақ сынасуда. Спорттық шара «Бауыржан» қайырымдылық қоры мен ҚР Футбол Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Іріктеу сайыстары 30 сәуірден бастап Қазақстанның әр аймағында болып өтті. Жолдаманы жеңіп алу үшін 18 команда бақ сынады. Олардың ішінде 8 команда финалға жолдама алды.

«Чемпионат жетім балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жақсы жетістіктерге жетуге ұмтылдырады. Болашақта олардың әлеуметтік ортаға сіңіп кетуіне жағдай жасайды. Жеңімпаз команда Мюнхендегі «Бавария» футбол клубы мен атақты «Альянс Арена» стадионын көріп қайту мүмкіндігіне ие болады», - деді қайырымдылық қорының президенті Жұлдыз Омарбек.

Оның айтуынша, атақты футболшылармен кездесу балалардың өміріндегі ең бақытты сәт болмақ. Осы жүздесу олардың болашақтағы өмірін де күрт өзгертуі мүмкін. Бүгінгі спорттық сайысқа Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов келді.

«Спорт баланың мінезін қалыптастырады. Жеңіске деген жігерін қайрайды. Жақсы жетістіктерге жету үшін көп ізденіс, еңбек керек. Оның бәрі бала кезден қалыптасады», - деді чемпион.

Айта кетейік, өткен жылдың чемпиондары №1 Алматы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері «Милан» футбол клубының жаттығу базасында қонақта болып қайтты.

Дереккөз: inform.kz сайты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или