Қазақстандық жас шабуылшы «Шерифтің» жастар командасында екі гол соқты
Молдавия чемпионатының екінші дивизионының кездесуі өтіп, онда «Шериф-2» ФКМ Унгениді жеңді - 2:1, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шериф Тираспольдің қосалқы командасына жеңісті 19 жастағы қазақстандық шабуылшы Данил Анкудиновтың дублі сыйлады. 25-минутта қазақстандық пенальтиден есеп ашса, 51-минутта екінші әрі шешуші голды соқты.
Айта кетейік, «Шерифтің» негізгі командасы Еуропа лигасының «Е» тобына түсіп, «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Реал Сосьедад» (Испания) және «Омония» (Кипр) сияқты клубтарға қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или