«Ақсу» бас бапкерінің көмекшісі «Ақтөбеге» қарсы матч туралы пікір білдірді

«Ақсу» бас бапкерінің көмекшісі «Ақтөбеге» қарсы матч туралы пікір білдірді

«Ақсу» бас бапкерінің көмекшісі Виктор Ульяницкий «Ақтөбеге» (0:1) қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Ақтөбе» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Кеш жарық! Ең алдымен, бұған дейін бәріміз өткерген пандемиядан кейін осындай атмосферада болу ғанибет еді. Бүгін футбол мейрамы болды. «Ақтөбе» үнемі осындай жанкүйерлерімен ерекшеленетін. Бір бапкер айтпақшы, көрерменсіз футбол гүлсіз бақпен тең. Бүгін гүлденген бақшаға куә болдық. Ойынға келсек, шиеленіске толы матч болды. Аса сапалы футбол болды дей алмасам да, барлығына бүгін нәтиже керек болды. Себебі әркімнің өз міндеті бар. Есеп - таблода.

- Бүгінгі матчтың төрешісі жайлы көп әңгімелер болған еді. Жалпы бүгін қазылық еткен төрешілерге көңілдеріңіз толды ма?

- Төрешілер жайлы ештеңе айтқым келмейді. Бұл менің құзыретімде емес. Футболда әркез эмоция болады, әркім әр сәтті өзінше көреді. Матч бітті. Арнайы комиссия бар, солар төрешілердің жұмысына баға берсін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или