Fake. «Ақтөбе» футбол клубына трансфер жасауға тыйым салынды
«Ақтөбе» футбол клубы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) трансфер жасауға тыйым салынды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Ақтөбе» футбол клубына халықаралық трансферлік тыйым салынды деген хабарлама жарық көрді.

Осыған сәйкес «Ақтөбе» футбол клубы аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды. Экс-бапкер Владимир Мухановтың алдындағы қарыздың демеушілер қаражаты есебінен төленіп, ФИФА-ға тиісті дәйектеме құжаттардың жіберілгенін қаперлеріңізге жеткіземіз.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерін ресми ақпаратқа ғана назар аударып, клуб абыройына нұқсан келтіретін хабарлардан аулақ болуға шақырамыз», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.