«Ақтөбе» футбол клубына трансфер жасауға тыйым салынды
Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) «Ақтөбе» футбол клубына трансфер жасауға тыйым салған.
ҚПЛ көшбасшысы бұрынғы бас бапкері Владимир Мухановтың алдындағы қарызын өтемегені үшін осылай жазаланған. Муханов сот арқылы келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін 100 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуді талап еткен болатын.
Бұл сома толық өтелмейінше, «Ақтөбе» жаңа ойыншыларды тіркей алмайды.
Клуб Мұхановтың алдындағы қарызды жақын арада өтеуге уәде берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или