Конференциялар лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы

Конференциялар лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы

Prosports.kz назарларыңызға Конференциялар лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясын ұсынады.

32 команда 8 клубтан 4 себетке бөлінген. Жеребе тарту арқылы 4 командадан тұратын сегіз топ құрылады.

Себеттердің толық құрамы:

Бірінші себет: «Вильярреал» (Испания), «Базель» (Швейцария), «Славия» Прага (Чехия), АЗ (Нидерланды), «Гент» (Бельгия), «Истанбул» (Түркия), «Партизан» (Сербия), «Вест Хэм» (Англия).

Екінші себет: ЧФР (Румыния), «Мольде» (Норвегия), «Стяуа» (Румыния), «Фиорентина» (Италия), «Кельн» (Германия), «Хапоэль Беер-Шева» (Израиль), «Аполлон» (Кипр), «Слован» (Словакия).

Үшінші себет: «Ницца» (Франция), «Андерлехт» (Бельгия), «Жальгирис» (Литва), «Аустрия» (Аустрия), «Хартс» (Шотландия), «Шэмрок Роверс» (Ирландия), «Сивасспор» (Түркия), «Вадуц» (Лихтенштейн).

Төртінші себет: «Днепр-1» (Украина), «Лех» (Польша), «Словацко» (Чехия), «Силькеборг» (Дания), «Юргорден» (Швеция), «Пюник» (Армения), РФШ (Латвия), «Балкани» (Косово).

2022/23 УЕФА Конференциялар лигасының шешуші матчы 7 маусымда Прагадағы «Эден Аренда» өтеді.

Жеребе тарту рәсімі елорда уақытымен сағат 18:30-да басталады. Трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы УЕФА-ның ресми сайтынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или