Дмитрий Нестеренко: «Егер бәрі комментаторларға байланысты болса, Қазақстан әлем чемпионатында баяғыда ойнар еді»
Белгілі комментатор, бұрын «Астана» футбол клубының медиа-офицері қызметін атқарған Дмитрий Нестеренко Prosports.kz сайтына берген сұхбатында футболдың көмегімен бірнеше мамандықты қалай игергені туралы айтып берді.
– Дмитрий, «Астананың» баспасөз қызметінде бірнеше жыл жұмыс істедіңіз, қазақ жанкүйерлері арасындағы есіміңіз осы команданың атымен тығыз байланысты. Неліктен елордалық клубтан кетуге шешім қабылдадыңыз?
– Рас, мен «Астанада» 11 жылға жуық жұмыс істедім. Өзіме жаңа бағыт іздедім. Дамуым тоқтап қалды, клубта өз болашағымды көре алмадым. 9-дан 18-ге дейін кеңседе отырып, жалақы үшін ғана жүргім келмеді.
– Соған қарамастан, сіз Нұр-Сұлтаннан кетпей, бір кеңседен екінші кеңсеге ауыстыңыз ба?
– Бұл рас. Мені Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына шақырып, дамуымды жалғастыруға мүмкіндік берген Олжас Абраев пен Олег Кунгуровқа алғыс айтамын.
- ҚКФЛ мен клубтағы жұмыстың принципті айырмашылықтары қандай?
- Кәсіпқой футбол лигасында менің міндеттерім ауқымы біршама басқаша, кеңірек деуге болады, ал «Астанада» тек баспасөз қызметіне ғана жауап бердім.
– «Астана» жанкүйері болып қаларыңыз анық қой. Бұл сіздің лигадағы міндеттеріңізді бейтарап орындауға кедергі келтіре ме? Бойыңыздағы жанкүйерлік сезімді жеңіп, бейтарап болу қиын ба?
– Мен бұл сұрақты екіге бөлер едім. Жанкүйерлік пен бейтараптық туралы айтатын болсақ, ең алдымен кәсібилік мәселесі туындайды. «Астанаға» деген жанашырлық десек, қазір бұрынғыдан әлдеқайда аз. Мен саналы өмірімнің үштен бір бөлігін астаналық клубта жұмыс істегенім анық, сондықтан клуб тағдырына алаңдауды қойдым деу ақымақтық болар еді.
Бірақ, кеңсе, команда немесе жаттықтырушылар штабы туралы сөз қозғасақ та, «Астананың» басты ерекшелігі әрқашанда кадр болды. «Астана» еуропалық додалардың топтық кезеңдерінде ел намысын абыроймен қорғаған чемпиондық жылдары еңбек еткен адамдар қазір клубта жоқ. Бұл жақсы ма, жаман ба, оны уақыт көрсетеді.
- Сіз ҚКФЛ қызметінің қай саласына жауаптысыз? Телерепортаждарда даусыңыз естіліп, VAR төрешілер бөлмесінде көрініп, жақында Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімін өткіздіңіз.
– Жоғарыда айтылғандардың барлығы менің негізгі жұмысыма толықтай қатысты емес. ҚКФЛ-да мен баспасөз қызметі және техникалық қолдау бөлімінің қызметшісімін. Басқарманың атымен, негізінен, баспасөз қызметінің жұмысына басқа да бірқатар міндеттер – хабар тарату, сайт, әлеуметтік желілер, VAR және т.б. кіретіні анық. Жеребеге келетін болсақ, шын мәнінде бұл жерде ерекше ештеңе жоқ, модератор қызметін атқардым.
– Айтпақшы, арбитрлерге бейнекөмек көрсету жүйесін іштей зерттеп үлгерген шығарсыз. ҚПЛ-дағы VAR жүйесін қолдануға көзқарасыңыз қандай?
- Менің көзқарасым жақсы. VAR жүйесі матч барысына әсер ететін қателерді азайтуға көмектеседі.
– Магомед Адиевтің құрамасы екі сенсациялық жеңіске жеткен Словакияға қарсы Ұлттар Лигасының маусым айындағы екі ойынды да жүргіздіңіз. Сізді ұлттық құрама үшін сәтті комментатор деп атап кеткен шығар? Беларусь пен Әзірбайжанға қарсы қыркүйектегі кездесулерде сіздің дауысыңызды естиміз бе?
– Егер бәрі комментаторларға ғана байланысты болса, баяғыда әлем чемпионатында ойнайтын едік (күлді). Ұлттық құраманың алдағы матчтарына келетін болсақ, мен трансляциядан сирек бас тартамын. Сосын бәрі арнаның қолында, егер мені шақырса, келісе кетемін. Арнада ұлттық құраманың матчтарын пысықтауға қабілетті өте мықты комментаторлар да көп екеніне сенімдімін.
- Жанкүйерлер өздерін футбол маманы ретінде елестеткенді ұнатады, көбіне журналистерді, төрешілерді, тіпті жаттықтырушыларды біліксіз деп айыптайды. Бірақ неге екені белгісіз комментатор басқаларға қарағанда көп сынға ұшырайды. Жанкүйерлер сізді қаншалықты сізді жиі сынайды? Қалай қабылдайсыз?
- Жанкүйерлердің сынына әрқашан бірінші болып баспасөз қызметі түсетінін ескере отырып, оған етім үйреніп кетті. Алғашында әлеуметтік желідегі пікірлерге ренжитін едім, қазір тіпті бір күліп аламын. Әрине, кәсіби даму түсу керек, және ешкім өзін идеалды комментатор, БАҚ қызметкері деп атай алмайды.
Сынды тыңдаймын, сүзгіден өткізуге тырысамын.
– Қазақстан футболында уақыт өте игергіңіз келетін лауазымдар мен мамандықтар бар ма?
- Құдайды күлдіргің келсе, оған жоспарларыңды айт деген ғой. Әзірге мен алған орным мен алған тәжірибеме толықтай қанағаттанамын, ең бастысы даму жолымды көріп отырмын.