«МЮ» «Барселона» шабуылшысын сатып алуды көздеп отыр

«МЮ» «Барселона» шабуылшысын сатып алуды көздеп отыр

Marca басылымының хабарлауынша, «Барселонаның» шабуылшысы Мемфис Депай «Манчестер Юнайтедке» оралуы мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, 28 жастағы голландиялық шабуылшыны «Ювентус» те өз қатарында көргісі келеді.

Дереккөз «МЮ» Депайға қызығушылық танытып, 10 миллион еуро ұсыныс жасауға дайын екенін жеткізді.

Еске салайық, «қызыл сойқандар» 2015 жылдың шілдесінде Мемфис Депайды «ПСВ Эйндховенден» 34 миллион еуроға сатып алған болатын. 2017 жылдың қаңтарында британдықтар ойыншыны «Лионға» 16 миллион еуроға сатты.

Манкуниандықтар жейдесінде Депай 53 матч өткізіп, жеті гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или