Қазақстанның әртістері футболдан әлем чемпионатында бестікке ілінді

Мәскеуде футболдан өнер жұлдыздары арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарысқа Қазақстанның әнші-актерлерден құралған «Алатау» командасы қатысып қайтты.

Қазақстан топтық кезеңнің алғашқы турында көрші Қырғыз елінің әртістерімен кездесіп, ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Ал екінші турда Оңтүстік Корея жұлдыздарымен кездескен жерлестеріміз мінез танытып, кәріс әріптестерін 3:1 есебімен жеңді. Гол авторлары – Қазбек Әлқожаев, Амангелді Меңдібаев және Батыр Байназаров.

Ойын барысында Қазақстан қақпасына екі рет 11 метрлік айып добы белгіленген еді. Алайда Оңтүстік Корея әртістері тек соның біреуін ғана сәтті орындады. Ал екіншісін қақпашымыз Әбдікәрім Кәрімов кері қайырды. Қазақ әртістері топтық кезеңдегі үшінші қорытынды ойында Германиямен жолықты. Тепкен доптары түзу ұшатын немістер қазақ әншілерін 2:0 есебімен ұтып кетті. Томми Мюллер және Деян Кляич есімді ойыншылар мергендік танытты.

Нәтижесінде Германия В тобында көш бастап, жартылай финалға жолдама алды.

Ал екінші орындағы Қазақстан әртістеріне 5-8 орындар үшін таласуға тура келді.

Алдымен Нидерланды әртістері қарсылас атанды. Бұл ойында жерлестеріміз атынан ат үркетін футбол державасынан келген әріптестерінен 2:0 есебімен басым түсті.

Осыдан соң, Беларусьтен басым түскен Словакия құрамасымен кездесті. Шығыс Еуропаның жұлдыздары қазақстандықтарға еш қарсылық көрсете алмады. Матч 4:1 есебімен аяқталды.

Мәскеу жерінде бес ойын өткізген әртістеріміз соның үшеуінде жеңіске жетіп, біреуінде тең түсті. Тек Германиядан жеңіліп, бесінші орынға табан тіреді. Немістер бір орын алда. Олар қола жүлде үшін таласта Румынияға есе жіберіп қойды.

Ал Израиль әлем чемпионы атанды. Олар финалда алаң иелерін пенальтиден ұтып кетті.

Әрістер арасындағы әлем чемпионаты Арт-футбол деп аталады. Бұл жолы осымен бесінші рет ұйымдастырылды. Соңғы үш жылда Ресейде өткізіліп жүр. Мұның алдында Сочи және Новороссийск қалаларында өткен еді.

Baq.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или