Әліптің «Зениті» тағы бір қорғаушыны қатарына қосты
Қазақстан құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп ойнайтын Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы қорғаушы Дамир Шайхтдиновпен келісімге отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Зенит» және «Спартак» футбол клубтары 18 жастағы қорғаушының трансфері бойынша келісімге келді.
Ойыншымен келісімшарт екі жылға жасалған.
Айта кетейік, ол негізінен оң жақ қорғаушы позициясында ойнайды, бірақ кейде қорғаныстың сол жағына да шығады. Қазақстандық Әліп орталық қорғаушы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или