«Тұран» клубынан бапкер кетті
Түркістандық «Тұранның» бапкері Қуаныш Қабдолов Instagram желісіндегі парақшасында командадағы жұмысын тоқтатқаны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Құрметті Түркістан облысының «Тұран» футбол командасының жанкүйерлері. Командадан кететінімді өкінішпен айтқым келеді.
Бір жарым жыл ішінде бұл клуб маған үлкен мүмкіндіктер берді. Өткен жылы біз команданы чемпионаттың соңғы сәтінде қабылдап, Премьер-лигаға шығардық. Биылғы жылы көп жұмыс атқардық. Соңғы ойыннан кейін мен командадан кетемін деп шештім.
Барлық жанкүйерлерге, басшылыққа, жаттықтырушыларға, медициналық, әкімшілік қызметкерлерге және ойыншыларға алғыс айтқым келеді! Алдағы ойындарда алға қойған мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін! Барлығыңызға рахмет!», — деп жазды Қабдолов әлеуметтік желідегі парақшасында.