«Ақжайық» «Қайраттың» түлегін қатарына қосты

«Ақжайық» «Қайраттың» түлегін қатарына қосты

21 жастағы шабуылшы Савелий Глазунов оралдық клубтың қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы еркін агент ретінде келісімшартқа отырған. Шабуылшының шетелде, атап айтқанда, сербиялық «Инджия» мен беларусьтік «Бельшина» жастар құрамасында ойнау тәжірибесі бар.

Өткен маусымда «Жас-Қыран» сапында 21 кездесу өткізіп, 5 гол соққан.

Глазунов Қазақстан U-19 құрамасында да ойнап, ол үшін 3 матч өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или