«Ақтөбе» SuperBol жобасының қатысушысын қатарына қосқанын ресми жариялады

«Ақтөбе» SuperBol жобасының қатысушысын қатарына қосқанын ресми жариялады

20 жастағы жартылай қорғаушы Әлібек Жәрдемов «ақ-қызылдармен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ол Ақтөбе қаласының тумасы, Ақтөбе клубының футбол орталығының түлегі.

2019-2021 жылдар аралығында «Ақтөбе» мен «Ақтөбе-Жас» жастар құрамасында өнер көрсетіп, 4 гол соққан.

Әлібек оң қанатта ойнайды, бірақ жартылай қорғаныстың сол қапталында да ойнай алады. Жақында ғана «Супер бол» реалити-шоуына жолдама алып, жоба аясында қарсыластар қақпасын 5 рет нәтижелі көздеді.

«Ақтөбе» сапындағы жас ойыншы 15-ші нөмірлі жейдеде өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или