«Тобыл» шабуылшысы «Торпедоға» ауысуы мүмкін
«Тобылдың» өзбекстандық шабуылшысы Игорь Сергеев мәскеулік «Торпедоға» ауысуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы «Инсайды от Карпа» Telegram-арнасы хабарлады.
- Мәскеулік «Торпедо» шабуылшы Сергеевті қатарға қосқысы келеді. Бұл «Зенит» ойыншысының тегі, бірақ оның есімі Игорь, қазақстандық «Тобылында» ойнайды. 29 жастағы шабуылшы. Өзбекстанда, Қытайда, БАӘ-де өнер көрсеткен. Соңғы бір жарым жылда Қазақстан чемпионатына (алдымен «Ақтөбеде», кейін «Тобылда» доп тепті) бақ сынап жүр. Өткен маусымда ол Премьер-Лигада 15 матчқа қатысып, 6 гол соқты», - деп жазады арна авторы
Айта кетейік, биылғы маусымда Сергеев Қазақстан Премьер-лигасында 16 матчқа қатысып, 6 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или