«Жеңіске жетуіміз әбден мүмкін еді». Нуркен Мазбаев «Тобылға» қарсы ойын туралы пікір білдірді

«Жеңіске жетуіміз әбден мүмкін еді». Нуркен Мазбаев «Тобылға» қарсы ойын туралы пікір білдірді

«Тараз» ФК бас бапкері Нуркен Мазбаев «Тобылға» қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

-Кубоктық ойындардан кейінгі бүгінгі кездесуде өз жанкүйерлерін қуантуға тырысатынын, бар күшін салатынын білдік. Қарсылас команда кубоктық матчтарда негізгі құрам ойыншыларына демалыс берсе, біз топта бірінші орын алу үшін «Мақтааралмен» кездесуде көп күш жұмсадық. Сол себепті ойын тәжірибесі аз болғандықтан «Тобыл» футболшылары біршама тонус жоғалтқан болар деп ойладық. Бірақ тәжірибелі, деңгейі жоғары ойыншылар жақсы ойын көрсетті деп ойлаймын.

Бірінші голда біздің қорғаушының қателігі болды. Жалпы «Тобыл» тарапынан жоғары қысым болған жоқ, сондықтан жігіттерге допты көбірек ұстауға тырысу керектігін айттым. Оны естіген команда жақсы комбинация ұйымдастырып, есепті теңестірдік. Одан соң жіберіп алған гол кездейсоқ кірді деп ойлаймын. Доп Дебленің аяғына тиіп, біз үшін сәтсіз болды. Әрине, шеберлігі толысқан «Тобыл» футболшылары допты жақсы бақылауға алды. Ал біз өз мүмкіндігімізді күттік. Және тағы да дұрыс комбинациядан соң есепті теңестіріп үлгердік.

Екінші таймда «Тобыл» ойыншыларды алмастырып, шабуылды күшейтті. Оған төтеп бере алдық. Соңына қарай олар асыға бастады. Стандартты жағдай кездерінде қысымды арттырғанымен, оған лайықты қарсы ойынымызды ойнай білдік. Қарымта шабуыл кездерінде бізде де бірнеше мүмкіндік болды. Соның бірінде шабуылшымыз Максим Дегтярёв мүмкіндікті сәтті пайдаланғанда біз жеңіске жетуіміз әбден мүмкін еді. Алайда осыған да шүкір деймін. Бұл нәтижеге де көңіліміз толады. Командаға үлкен рақмет! Жанкүйерлердің алдында біртұтас ауызбіршілігі бар ұжым екендігін тағы да дәлелдеді. Бүгінгі нәтиже командаға одан әрі сенім әкеліп, «Астанамен» өтетін келесі матчқа қосымша күш береді деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или