«Қайраттың» бұрынғы капитанының командасы «Бавариядан» жауапсыз жеті гол өткізді

«Қайраттың» бұрынғы капитанының командасы «Бавариядан» жауапсыз жеті гол өткізді

«Қайраттың» 29 жастағы польшалық бұрынғы жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски Германияның  Бундеслига аясында «Баварияға» қарсы ойында «Бохумы» сапындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бохум» өз алаңында 0:7 есебімен жеңілді. Голдарды Лерой Сане (4-минут), Маттейс Де Лигт (35), Кингсли Коман (33), Садио Мане (42, 60), Кристиан Гамбоа (автогол, 69), Серж Гнабри (76) соқты.

Гуральский ойынды қосалқы құрамда бастап, 68-минутта 0:5 есебі кезінде алаңға шықты.

Үш турдан кейін «Бохумның» еншісінде ұпай жоқ. «Бавария» жүз пайыз көрсеткішпен көш бастап тұр. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или