ҚПЛ: 16-тур ойындарының тікелей трансляциясы
21 тамызда футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 16-туры аясында 4 матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Назарларыңызға аталған кездесулердің тікелей трансляциясын ұсынамыз.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:00-де «Астана» - «Қызыл-Жар» матч басталады. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазіргі ел чемпионы «Тобыл» өз алаңында «Таразды» қабылдайды. Бұл матч та елорда уақытымен 19:00-ге жоспарланған. Кездесуді ҚКФЛ-ның арнасы көрсетеді.

Ал Нұр-Сұлтанмен сағат 21:00-де алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Ақсумен» кездеседі. Бұл ойынды да ҚКФЛ-ның арнасы көрсетеді.

Турдың орталық матчы Ақтөбеде өтеді. «Ақтөбе» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылайды. Кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталады. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.