Люксембург қақпашыларын емтиханына байланысты құрамаға жібермей тастады

Люксембург құрамасының екінші және үшінші қақпашылары жергілікті оқу орындарындағы емтихандарына байланысты Украинаға қарсы ойында өз құрамасына көмектесе алмады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Люксембург ұлттық құрамасының бас бапкері Люк Хольцтің айтуынша, ойыншыларды жиынға не жаттығуларға жібермей қалатын сәттер жиі болады екен.

«Шынымды айтсам, мұнымен қалай күресетінімді білмеймін. Осындай қиындық негізі әуесқой футболшылардан құралған кішкентай мемлекеттердегі бапкерлердің бәрінде бар шығар», - деді Хольц.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или