Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Чехия футбол қауымдастығына оралды
Қазақстан ұлттық құрамасының және «Астана» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Мирослав Беранек Чехия футбол қауымдастығында жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
65 жастағы чех маманы Чехия футбол қауымдастығының жастар құрамалары секциясының бас бапкері болды.
Еске салайық, Мирослав Беранек Қазақстан құрамасын 2011-2013 жылдар аралығында жаттықтырған.
2012-2013 жылдары елордалық «Астананың» бас бапкері болды.
Сондай-ақ оның бапкерлік мансабында Чехия, Венгрия және Біріккен Араб Әмірліктерінің клубтары болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или