«Кубокты жеңу - Еуропаға апаратын ең қысқа жол». Вахид Масудов кубоктағы жеребеге қатысты пікірін айтты

«Кубокты жеңу - Еуропаға апаратын ең қысқа жол». Вахид Масудов кубоктағы жеребеге қатысты пікірін айтты

Қарағандылық «Шахтер» командасының бас бапкері қазақстандық маман Вахид Масудов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында футболдан Қазақстан Кубогының ¼ финалының жеребе тарту қорытындысы туралы пікір білдірді.

«Бұл жерде ешкім қарсылас таңдаған жоқ, бәрін жеребе шешті! Меніңше, кубокты ұтқысы келетін командалар ширек финалға шыққан сияқты. Ал жеребенің сәтті немесе сәтсіз екенін айту... Менің ойымша, кез келген команданы ұтуға болады.

Әрине, өз алаңын, жанкүйерлер сияқты нюанстар бар. Сонымен қатар, текетірес бір ойыннан тұрады. Кубок ұту Еуропаға апаратын ең қысқа жол екенін ұмытпайық. Барлық қарсыластар лайықты, тек ойын ғана бізге нақты баға береді!», - деді Масудов.

Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан Республикасы Кубогының ¼ финалының жеребе тарту қорытындысы бойынша келесі жұптар құрылды:

«Тараз» — «Шахтер»<br />«Қайрат» — «Ақжайық»<br />«Астана» — «Мақтаарал»<br />«Қайсар» — «Ордабасы».

Ширек финалдық кездесулер 31 тамызда бірінші көрсетілген командалардың алаңдарында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или