Сергей Когай: Екі команда да жеңіске лайық өнер көрсеткен жоқ

Сергей Когай: Екі команда да жеңіске лайық өнер көрсеткен жоқ

<span>«Тұранның» бас бапкері Сергей Когай Қазақстан Кубогы топтық кезеңінің 6-шы туры аясында өткен «Жетісуға» қарсы матчты қорытындылады.</span>

<span>- Жеңіс үшін ойнадық. Жеңіске жетуге бар күшімізді салдық, бірақ бұйырмады. Мұндай ойында тең нәтиже әділ деп ойлаймын. Өйткені екі команда да жеңіске лайық ойын көрсеткен жоқ.</span>

Бірінші таймда қорғаныстан шабуылдан баяу шықтық, ал екінші таймда ойын жылдам өрби түсті. Гол соғатын мүмкіндіктер де болды.

<span>«Жетісу» ― мықты команда, «Астанадан» ұпай алғаны бекер емес. Жалпы, бізде мүмкіндіктер көп болды, бірақ бір де біреуін голға айналдыра алмадық. Қарсыласты бағаламау да болмады. Ойынға тыңғылықты дайындалдық, өйткені бұл матчта чемпионатқа дайындығымызды байқадық.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или