Қазақстан құрамасының 16 маусым күнгі матчы өтпейді

Қазақстан құрамасының 16 маусым күніне жоспарланған матчы өтпейтін болды. Бұл шешімнің себептері жөнінде Қазақстан футбол федерациясының бас менеджері Асқар Ұранқаев мәлімдеді.

- Бастапқы жоспар бойынша Алматыда Ұлттық құраманың үш кездесуі өтуі тиіс еді. Бұл команда үшін пайдалы болса, жанкүйерлер үшін үлкен қуаныш болар еді. Алдын-ала келісімдердің барлығы жүргізілді және ФИФА күнтізбесіне енгізілді. Осы жоспар бойынша біздің құрама 12 маусым күні Алматыда Буркина-Фасомен жолдастық матч өткізді. Түркия құрамасымен кездесу де ойдағыдай өтті. Алайда, үшінші матч бойынша қиындықтар туындады.

Жоспарланған ойынға 10 күн қалғанда Кабо-Верде федерациясы матчтан бас тартты. Тиісті хатты электронды пошта арқылы алдық. Біз бұрын-соңды мұндай мәселемен кездеспедік. Өйткені, футбол әлемінде талап пен тәртіпті сақтау қабылданған. Алайда, біздің әріптестер басқа шешім қабылдауды ұйғарыпты.

Қалған уақыттың ішінде халықаралық матчқа қарсылас табу өте қиын. Алайда, бірінші кезекте Алматы жанкүйерлерін уәде еткен үш ойыннан айырмау үшін қарсылас іздеуге кірістік. Көптеген нұсқалар қаралды. Бұқаралық ақпарат құралдарында әлемдік рейтингте 71-ші орында тұрған Уганда құрамасымен кездесу өткізу жоспарланып жатқаны жөнінде ақпарат та тарады. Бұл туралы нақтырақ айтып өтсек, 16 маусым күні матч өткізу ФИФА нұсқауларына қайшы. Оның үстіне біздің құрама жазалануы мүмкін еді.

Дәл қазіргі уақытқа дейін әртүрлі нұсқаларды қарастырдық, алайда 16 маусым күні біздің құраманың ойыны өтпейтіні нақты белгілі болды. Бас бапкер өзгерістерден хабардар. Оқу-жаттығу жиынының қалған бөлігін қайта жоспарлауына уақыты болды. Команда үшін әр күн маңызды.

Біз барлық жанкүйерлерге қолдау білдіргені үшін алғысымызды білдіреміз. Әсіресе, Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына ықыласымыз шексіз. Кешегі ойында стадион лық толды. Жанкүйерлер қолдауы - қазақстандықтардың бірлігінің бір үлгісі. Алматыда футбол мерекесін қысқартқанымыз үшін өкінеміз. Кабо-Верде ойынына билет сатып алған жанкүйерлердің барлығына ақшасына қайтарылады. Ыңғайсыздық танытқанымыз үшін кешірім сұраймыз.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или