Шілде айының үздік голы анықталды. Видео
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ел чемпионатының шілде айындағы үздік голын анықтау үшін жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футбол жанкүйерлерінің таңдауына өткен айда Қазақстан чемпионаты мен кубогында соғылған 10 гол ұсынылды.
Сауалнама қорытындысы бойынша шілде айының ең үздік голы атағы «Ақсу» ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбаевтың «Шахтерге» соққан дәл соққысына бұйырды. Ол 33,14 пайыз дауыс жинажы.
Сауалнамада екінші орын «Тараз» ойыншысы Бауыржан Байтананың «Тобылға» соққан голына бұйырды (23,29%).
Үздік үштікті «Мақтаарал» ойыншсы Ғалымжан Кенжебектің «Ақтөбе» қақпасына соққан голы (12,52%) түйіндеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или