«Есепке қарамастан ойын қиын өтті». «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Қазақстан кубогындағы «Атырауға» қарсы матч туралы
«Қайрат» ФК жартылай қорғаушысы Данияр Үсенов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында «Атырауға» (3:0) қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Рrosports.kz.
<span>«</span>Бірінші кезекте клубымыздың жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтағым келеді! Есепке қарамастан ойын қиын өтті. Бізде де, қарсыласымызда да гол соғатын мүмкіндіктер болды, бірақ қақпашының қателігін сәтті пайдаланып, тез гол соқтық.
Соғылған гол - команданың еңбегі. Шынына келгенде, әуелеп келген допты дәл осындай соққы жасау үшін арнайы келдім. Допты қақпадан көргеннен кейін өте қатты қуандым.
Осы сәтте пайдалана отырып, бізді қолдауға келген барлық жанкүйерді құттықтағым келеді<span>», – деді футболшы 3:0 есебімен алматылықтардың пайдасына аяқталған кездесуден кейін.</span>
<span>Бұл ойында Данияр Үсенов алаңда 72 минут өткізді. Ол 24-минутта гол соғып, «Қайраттың» басымдығын еселеген болатын.</span>
<span>Фото fckairat.com</span>