«Қайрат» ФК капитаны Сергей Кейлер «Атырауға» қарсы матч туралы пікірін бөлісті
«Қайрат» ФК капитаны <span>Сергей Кейлер</span> Қазақстан кубогы топтық кезеңінің қорытынды туры аясында «Атырауға» (3:0) қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл жеңіс екі себеп бойынша маңызды болды. Біріншіден, турнирдегі жағдайға қарамастан өз алаңымызда қалай да жеңуіміз керек еді. Екіншіден, «Атырауға» чемпионатта өз алаңымызда ұтылған едік, содан кеткен есені жанкүйерлеріміздің алдында қайтарғымыз келді.
Ойынға келер болсақ, қарсыласты бағаламау деген болмады. «Атырауға» қарсы байыппен дайындалып, олардың мықты және әлсіз тұсын зерттедік.
Гол соққан сәтте тез шешім қабылдап үлгердім. Доптың қайта ұшатынын түсініп, керек жерде болып, допты құдайдың көмегімен қақпа торына дөп түсірдім!», - деді футболшы.
<span>Бұл ойында Сергей Кейлер алаңда 60 минут өткізді. Матчтың 8-минутында ол есеп ашқан болатын.</span>
<span>Фото fckairat.com</span>