«Ойын тұрғысынан біз өзімізді әлдеқайда жақсы көрсеттік». «Жетісу» ФК бас бапкері «Тұранға» қарсы матч туралы
«Жетісу» ФК бас бапкері Алмас Құлшынбаев «Тұранға» қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.<br /><br /><span>«Жалпы ойын өз алаңымызда өткендіктен біз толықтай артықшылыққа ие болдық. Алайда, біз осымен үшінші үйдегі матчта гол соға алмаудамыз. Мен жігіттерге бір голдың өзі ойын тағдырын шешуі мүмкін екенін айттым. Әлбетте, жақсы сәттер болды. Алғашқы таймда Ваня Брикнер ашық қақпаға гол соға алмады, екінші таймда да гол соқпады. Яғни, біз жеңіске бір табан жақын болдық. Не дегенмен қарсылас Премьер-Лига қатысушысы, меніңше, олар стандарттық жағдайларға көбірек сенім артты. Бірақ ойын тұрғысынан біз өзімізді әлдеқайда жақсы көрсеттік деп ойлаймын», - деді бапкер.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или