Тухель мен Конте кездесуден кейін төбелесіп кете жаздады. Видео
Англия Премьер-лигасының 2-туры аясында өткен «Челси» — «Тоттенхэм» (2:2) матчы төбелеспен аяқталды, деп жазады Prosports.kz.
Кездесудің соңғы минутында «Тоттенхэм» шабуылшысы Гарри Кейн гол соғып, есепті теңестіріп кетті.
Ойыннан кейін «Челсидің» бас бапкері Томас Тухель мен «Тоттенхэм» бапкепі Антонио Конте сөзге келіп қалды. Қос бапкер қол алысар тұста бір-бірімен төбелесіп кете жаздады. Оларды команда өкілдері ажыратып алды. Екі маманға да қызыл қағаз көрсетілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или