Қазақстан кубогының 1/4 финалына шыққан барлық команда анықталды

Қазақстан кубогының 1/4 финалына шыққан барлық команда анықталды

Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңі аяқталып, 1/4 финалға шыққан сегіз команда анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда «Қайрат», «Ордабасы», «Қайсар», «Ақжайық», «Тараз», «Мақтаарал», «Астана» және «Шахтер» өнер көрсетеді.

Турнирдің бұл кезеңінің және жартылай финалының жеребе тарту рәсімі 16 тамызда Футбол үйінде өтеді.

1/4 және 1/2 финал кездесулері бір матчтан тұрады. Әр топта бірінші орын алған команда ширек финалдағы ойынды өз алаңында өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или