Ел кубогы: «Тобыл» сырт алаңда «Ақтөбеден» ұтылды

Ел кубогы: «Тобыл» сырт алаңда «Ақтөбеден» ұтылды

Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы туры аясындағы матчта «Ақтөбе» өз алаңында «Тобылды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтөбенің Орталық стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 27-минутта литвалық «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Артурас Жулпа гол соқты.

Айта кетейік, екі команда да топтық кезеңнен шыға алмады.

Ақтөбе - Тобыл 1:0 (1:0)

Гол авторы: Жулпа 27 (1:0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или