«Астана» кубок матчында «Шахтер» қақпасына жеті гол соқты
Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы турындағы матчта қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Астанамен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.
«Кеншілер» матчқа жастарды шығарса, елордалықтар негізгі құраммен шықты. Нәтижесінде «Астана» 7:1 есебімен ұтты.
Осылайша, «Астана» 12 ұпаймен топта бірінші орынға тұрақтаса, он ұпаймен «Шахтер» екінші орын алды, қос клуб мерзімінен бұрын ширек финалға өтті.
«Шахтер» - «Астана» 1:7 (0:1)
Гол соққандар: Кусяпов 9 (0:1), Эугжженио 50 (0:2), Эуженио 59 (0:3), Эуженио 65 (0:4), Манзорро 76 (0:5), Сағнаев 89 (0:6), Флюк 90 (1:6), Басманов 90+7 (1:7).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или