«Манчестер Юнайтед» 30 жыл бұрынғы антирекордын қайталады
13 тамызда Англия Премьер-Лигасының екінші турында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Брентфордтан» 0:4 есебімен жеңілді, деп жазады Prosports.kz.
«Қызыл сойқандандар» «Брентфордтан» 1938 жылдан бері алғаш рет жеңіліп отыр, ол кезде МЮ Англия кубогы аясында қарсыласынан жеңілген.
Сонымен қатар, «Манчестер Юнайтед» бірінші турда «Брайтоннан» 1:2 есебімен жеңілген, екі турда 0 ұпай жинаған (доп айрмасы - 1:6) МЮ Премьер-лиганың турнирлік кестесінде соңғы орында тұр. Команда 1992 жылғы 21 тамыздан бері алғаш рет осындай жағдайға тап болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или