Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне өткен командалар анықталды

Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне өткен командалар анықталды

Футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің алтыншы туры аясында «Ақсу» мен «Ордабасы» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында 0:1 есебімен шымкенттік команда жеңіске жетті..

Қазақстан кубогы. 6-тур

«Ақсу» — «Ордабасы» — 0:1

Гол соққандар: Гедеш 24 (0:1),

Осы жеңістің арқасында «Ордабасы» 9 ұпай жинап, «Атыраудан» басым түсіп, А тобында екінші орынмен Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Осылайша, Қазақстан кубогының плей-офф кезеңіне өткен 7 команда анықталды. Олар: «Ордабасы», «Қайрат», «Ақжайық», «Тараз», «Мақтаарал», «Шахтер», «Астана». 

Қалған жалғыз жолдама ертең өтетін «Қайсар» - «Қызыл-Жар» матчында анықталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или