«Қызыл-Жар» жақсы команда, бірақ біз мықтырақ болдық». Георгий Костадинов петропавлдықтарға қарсы екі матчқа қатысты пікір білдірді

«Қызыл-Жар» жақсы команда, бірақ біз мықтырақ болдық». Георгий Костадинов петропавлдықтарға қарсы екі матчқа қатысты пікір білдірді

Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында Болгария ұлттық құрамасы мен АПОЭЛ командасының жартылай қорғаушысы Георгий Костадинов Конференциялар лигасы аясында «Қызыл-Жарға» қарсы өткен екі матчқа қатысты пікір білдірді.

– Георгий, «Қызыл-Жарға» қарсы матч туралы пікір айтыңызшы

- Менің ойымша, бұл екі команда үшін де жақсы ойын болды, бірақ біз қарсыласқа қарағанда жинақы болып, тактикалық тұрғыдан жақсы ойнадық, сондықтан біз лайықты жеңіске жеттік.

- Стадионның атмосферасын бағалаңызшы.

- Атмосфера тамаша болды, ойын бойы команданы қолдаған «Қызыл-Жар» жанкүйерлерін атап өткім келеді, бірақ біз жақсырақ ойнадық.

- «Қызыл-Жар» жанкүйерлерінің көбісі төрешілікке және АПОЭЛ ойыншыларының уақыт созыуна наразы...

– Менің ойымша, бәрі жақсы болды. Әрине, бұл ойындарда шиеленіс пен қысым болады, сондықтан мұндай болады. Біздің команда қорғаныста ойнады, бірақ біз әрқашан шабуылда ойнаймыз.

- Қарсылас команда ойыншыларынан кімдерді атап өте аласыз?

- Жалпы, барлығы жақсы ойнады, бірақ кездесу барысында бізге қиындық тудырған шабуылшы Лобжанидзені атап өткім келеді. Ол сықты жігіт және екінші қабатта жақсы ойнайды, бірақ біз оны ұстай алдық.

- РПЛ-дан кетуіңіз жайлы айтайық. Өткен маусымда сіз тулалық «Арсеналда» ойнадыңыз, бірақ кейін клубтан кетіп, АПОЭЛ командасына ауыстыңыз. Қазақстаннан ұсыныс болды ма? Дегенмен, ел Ресеймен шектеседі.

- Иә, маған бір команда хабарласты, нақты кім екенін айтқым келмейді, бірақ ұсыныс маған сәйкес келмеді, сондықтан мен Кипрге көштім.

Соңғы он жылда Қазақстан футболы алға жылжып келе жатқанын, көптеген жетістіктерге жеткенін атап өткім келеді. Сіздерде ең табысты болгариялық бапкері Станимир Стоилов жұмыс істеді – ол Қазақстан футболы үшін, атап айтқанда «Астана» үшін көп еңбек сіңірді. Алдағы уақытта әлі талай жетістіктерге жететініне сенемін.

- Келесі қарсыласыңыз швециялық «Юргорден» болады. Олар туралы не айта аласыз?

- Мен үшін бұл әлі беймәлім команда, бірақ мен білемін, онда мықты жігіттер жиналып, көптеген Скандинавия елдеріндегідей күшті футбол ойнайды. Бірақ көреміз, біз оларға бейімделеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или