Вайсстың орнын Карпин басады ма?

Белгілі ресейлік маман Валерий Карпин алматылық «Қайраттың» базасында болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Мәскеулік «Спартак» пен испаниялық «Мальорка» клубының бұрынғы бапкері жақында Алматыға келіп, алматылық клубтың базасында қонақта болды. Сондай-ақ, ресейлік маман бүгін ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан-Түркия матчын Орталық стадионнан тамашалайды. Кездесу астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Валерий Георгиевич «Қайраттың» басшылығына команданың жаңа бапкері болуына ауызша келісімін берді. Естеріңізге сала кетсек, биылғы маусымда алматылық команданың бас жаттықтырушысы Владимир Вайсстың командамен келісімі аяқталады.

Айта кетер жайт, жуырда қазақстандық БАҚ Валерий Георгиевич қарағандылық «Шахтердің» тізгінін ұстайды деген ақпарат таратқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или