Конференциялар лигасы: «Қызыл-Жар» тең түсті де, жеңілді

Конференциялар лигасы: «Қызыл-Жар» тең түсті де, жеңілді

Конференциялар лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта «Қызыл-Жар» кипрлік АПОЭЛ командасымен тең түсті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Елордада өткен қарымта ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда кипрліктерді қақпа маңдайшасы құтқарып қалды. 

Өкінішке қарай, тең есеп петропавлдықтарға жеткіліксіз болды. Себебі Никосияда өткен алғашқы ойында кипрліктер 1:0 есебімен жеңген болатын. 

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен АПОЭЛ Конференциялар лигасының плэй-офф кезеңіне жолдама алды.  

Конференциялар лигасы.

Үшінші іріктеу кезең. Екінші матч.

Бірінші матчтағы есеп - 0:1

«Қызыл-Жар»<span> </span>(Петропавл, Қазақстан) - <span>АПОЭЛ </span>(Никосия, Кипр) 0:0

<span>Төреші: </span>Зиберт (Германия)

11 тамыз. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или