«Сассуоло» ойыншысы жанкүйерлермен жаға жыртысты
Италия құрамасы мен<span> </span>«Сассуоло» клубының шабуылшысы Доменико Берарди команда Италия кубогынын ұшып кеткеннен кейін жанкүйерлермен жанжалдасып қалды, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
Турнирдің 1/32 финалында «Сассуоло» В сериясында бақ сынатын өкілі <span>«Моденадан»</span> 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Кездесуде бір гол соққан Берарди матчтан кейін жанкүйерлердің балағат сөзіне шыдай алмай, оларға жұдырық ала жүгірді.
Журналист <span>Микеле Кришитьелло әлеуметтік желіде оқиғаның видеосын</span> жариялды.
Айта кетейік, 28 жастағы Берарди өткен маусымда А сериясында 33 ойынға қатысып, 15 гол соқты және 17 нәтижелі пас берді.
Furia Berardi dopo Modena-Sassuolo. Insultato da un tifoso, l’attaccante cerca vendetta @tvdellosport #sportitalia @Glongari @laballara @capuanogio pic.twitter.com/wTHLctRAka
— Michele Criscitiello (@MCriscitiello) August 8, 2022