ҚПЛ: Шілде айындағы үздік бапкердің есімі анықталды

ҚПЛ: Шілде айындағы үздік бапкердің есімі анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өткен айдың үздік бапкерін анықтау мақсатымен Қазақстан Чемпионаты командаларының бапкерлерінің арасында сауалнама өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іс-шараның қорытындысы бойынша «Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев үздік атанды. Сауалнамаға қатысқан 14 бапкердің 5-і өз дауыстарын белорустық маманға берді.

Александр Сергеевич осы маусымда екінші рет айдың үздік бапкері болып танылды. Бұған дейін ол сәуір айында үздік атанды.

Екінші орынды Әли Әлиев иеленді. «Қызыл-Жардың» бас бапкері УЕФА Конференциялар лигасында хорваттық «Осиектен» басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.

Үшінші орынды Нүркен Мазбаев («Тараз») пен Андрей Ферапонтов («Мақтаарал») өзара бөлісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или