«Елім-ай» футбол клубы қайта құрылды

«Елім-ай» футбол клубы қайта құрылды

Семей қаласында «Елім-ай» футбол клубы қайта құрылды. Клубтың қайта құрылуына байланысты өткен шараға аты аңызға айналған футболшылар Самат Смақов пен Андрей Карпович, «Елім-ай» қоғамдық қорының атқарушы директоры Төлеухан Күлдіков пен футбол жанкүйерлері қатысты.

«Елім-ай» қоғамдық қорына кез келген жанкүйер кіре алады. Бұл тұрғындардың жергілікті футбол командасын құру мен дамытуға белсене қатыса алады деген сөз.

- Семей - қазақстандық футболдың отаны. Біздің «Елімайды» әрине қолдаймыз. Футбол клубы - үш дүркін чемпион атанған және бұл команданы бәрі жақсы көреді. Осы стадионның жанкүйерлерді үнемі көп жинағанын қалаймын. Біздің жоспарымызда стадионды жөндеу де бар. Бұқаралық спортты дамыту үшін арнайы алаңдар құратын боламыз, - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Сонымен қатар шара барысында ашық микрофон режимінде Абай өңірінде футболды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или