«Ұлттық құрамадағы соңғы сөзімді айтқан жоқпын». Бауыржан Тұрысбек – «Жетісуға» ауысу және құрама ойыны жайлы

«Ұлттық құрамадағы соңғы сөзімді айтқан жоқпын». Бауыржан Тұрысбек – «Жетісуға» ауысу және құрама ойыны жайлы

«Жетісу» шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек Prosports.kz тілшісіне сұхбат беріп, «Астанаға» қарсы матч, Құлшынбаевпен бірге жұмыс істеу, талдықорған клубқа ауысу барысы және ұлттық құраманың ойыны туралы айтты.

- Бауыржан, «Астанаға» қарсы ойын жайлы не айтасы?

- «Астанамен» өткен екі ойында 4 ұпай жоғалттық деп сеніммен айта аламын. Кеше астаналықтарда небәрі 2 мүмкіндік болды, олар соны пайдаланып кетті. Қарсыластан толықтай басым болдық, жеңіске жетуіміз керек еді.

- Қақпашы Марко Милошевичті дәрменсіз күйде қалдырған голыңыз туралы не айтасыз?

– Шынымды айтсам, не айтарымды да білмеймін. Сездім, соққы жасап, гол соқтым. Көптен бері мұндай гол соқпаған едім.

- Алмас Құлшынбаевпен бірге жұмыс істеген ұнай ма?

- Алмас Жаханұлы – үлкен футболға жол ашқан алғашқы бапкерім. Әрқашан маған сенім артады, дұрыс жол сілтейді.

- «Жетісуға» қалай келдіңіз, талдықорғандық клубтан өзге ұсыныстар болды ма?

- Премьер-лигада қалу туралы әңгіме болды, бірақ футболшы үшін ең бастысы – бас бапкердің сенімі. Сондықтан турған клубым «Жетісудан» түскен ұсынысты қуана қабылдадым. Бірінші лигада ойнамағаныма 10 жыл болды, бірақ кейде өмірде алға екі қадам аттау үшін артқа бір қадам шегіну керек болады.

- «Атыраудан» неге кеттіңіз?

- Онда алаңға өте аз шықтым, бапкерлер штабы сенім артқан жоқ.

- «Атыраудан» бұрын сізге Азиядан бір клуб қызығушылық танытты деген ақпарат шыққан еді. Ол қай клуб екенін айта аласыз ба?

- Иә, малайзиялық клубқа ауысуға мүмкіндік болды, тіпті алдын ала келісімшарт та жасалған. Малайзияға ұшуым керек еді, бірақ пандемияға байланысты маған жұмыс визасы берілмеді, өйткені ол кезде Қазақстан қызыл аймақта болатын. Трансфер сол үшін жүзеге аспады.

- Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойындарын көрдіңіз бе? Бас команданың нәтижесіне қандай баға бересіз?

- Команданы жауынгерлік мінезі бар ойыншылармен толықтырған Магомед Адиевтің еңбегі зор. Кейбір сәтте Словакия басым көрінген шығар, бірақ біз оларды жеңіске деген ұмтылыстың арқасында жеңдік. Дәл осы ынта мен жігердің арқасында жақсы нәтиже көрсетті. Мінездің арқасында топтан жүз пайыз шығамыз деп ойлаймын.

- Қазір жасыңыз 30-да, ұлттық құрамада тағы да бақ сынап көргіңіз келе ме?

- Ұлттық құрамаға қайта оралып, гол соғамын деп үміттенемін, сол үшін Талдықорғанға оралдым, осында бабыма келсем деймін. Ұлттық құрамадағы соңғы сөзімді әлі айтқан жоқпын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или