«Астанаға» франциялық жартылай қорғаушы ауысып келеді
«Астана» 25 жастағы жартылай қорғаушы Килан Лебонмен келісімшарт жасауға келісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Біздегі ақпаратқа сәйкес, ойыншы еркін агент ретінде келісімшартқа отырады.
Футболшы франциялық «Амьен» клубының түлегі. Мансабының көп бөлігін өз елінде төменгі лига клубтарында өткізген. Бұдан бөлек Нидерланды мен Болгария чемпионатында өнер көрсетті.
Өткен маусымда болгариялық «Берое» сапында 26 матчқа қатысып, 2 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.
Беделді Transfermarkt порталы ойыншының трансферлік құнын 350 мың еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или