«Қайрат» бапкері «Ордабасыға» қарсы матч туралы ойын айтты
«Қайрат» клубының бас бапкері Кирилл Кекер Қазақстан кубогы топтық кезеңінің 5-туры аясында өткен «Ордабасыға» қарсы матч (3:1) туралы пікірін айтты, деп жазады Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Стадионда тамаша атмосфера болды және екі командада жасыл алаңда тамаша өнер көрсетті деп ойлаймын. Біздің ойынымыз туралы айтар болсам, біз алға жылжып, өз стиліміз бен ойын мәнерімізді дамытқымыз келеді.

Кубоктың ойын жүйесіне үңілсек, топтың жеңімпазы ширек финалдық ойынды өз алаңында ойнайды, сондықтан бізге топтан бірінші орынмен шығу өте маңызды. Біріншілікте 11 ойын қалды, 7 ойынды сырт алаңда өткіземіз, сол себепті «Орталық» алаңда жанкүйерлеріміздің алдында өнер көрсететін тағы бір мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Жақсы жетістікке жеткісі келетін ұжым, сырт алаңда да жеңіске жетіп үйренуі қажет.

Келесі «Атырауға» қарсы ойынға дейін 5 күн қалды, құрам таңдау кезінде ойыншыларымыздың дайындығына қараймыз. Әр ойында жеңіске жеткіміз келеді!