Евгений Аверченко «Каспийге» қарсы матч туралы пікірін бөлісті

Евгений Аверченко «Каспийге» қарсы матч туралы пікірін бөлісті

«Каспийге» қарсы матчта ойнаған «Қызыл-Жардың» екінші құрамының бас бапкері Евгений Аверченко матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біріншіден қарсылас команданы жеңіспен құттықтаймын! Олар бұл жеңіске бүгін лайық болды. Өздеріңіз көргендей біз үшін ойын қиын өтті. Бір аптаның ішінде екінші матч екенін ескеру қажет. Бірақ біздің жігіттер жарады. Алаңның әр бөлігінде допқа таласып, барын салды.

Қарсылас бізден мықты екені айтпасақта белгілі. Жалпы ойынға көңілім толды. Бүгінгі ойынға ешкім бей-жай қараған жоқ. Қайталап айтайын, екі күн қатарынан ойнау өте қиын. Өкінішке орай, ойынды үдете түсетіндей қосалқы құрамда ойыншылар болмады»

Келесі матчты «Қызыл-Жар» 11 тамызда «Астана Арена» стадионында кипрлік АПОЭЛ командасына қарсы өткізеді, бірінші ойын кипрліктердің жеңісімен (1:0) аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или