«Чемпионаттағы ойындарға дайындықты күшейтеміз». Нұркен Мазбаев «Тобылға» қарсы матч туралы пікір білдірді

«Чемпионаттағы ойындарға дайындықты күшейтеміз». Нұркен Мазбаев «Тобылға» қарсы матч туралы пікір білдірді

«Тараздың» бас бапкері Нұркен Мазбаев қостанайлық «Тобылға» қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біріншіден, «Тараз» ФК жанкүйерлерін кубоктың келесі кезеңіне шыққанымен құттықтаймын! Әрине, әлі соңғы тур бар. Ол кездесуде қай команда бірінші орынмен шығады деген мәселені шешу керек.

Ал бүгінгі матчқа тоқталсақ, стратегиялық жағынан қарағанда еврокубоктық ойындарда ойнап жатқан «Тобыл» жастармен ойнайды деп ойладық. Бірақ ойымыздағыдай шыққан жоқ. 80% негізгі құрам ойыншылары ойнады. 90% деуге де болады. Сондықтан бұл бізге күтпеген жағдай болды. Психологиялық жағынан кішкене дайын болмадық. Бұл кездесуде бізге тең ойынның өзі жеткілікті болатын. Сол себепті алғашқы 20 минутта екі гол жіберіп алдық. Әрине, қорғаушылардың қателіктері болды. Сондай-ақ, екі футболшымыз кездесуге қатыса алмады. Елдос Ахметов жарақатына байланысты, ал Лука Гадрани ұлы өмірге келіп, кубоктык кезең кезінде 3-4 күнге үйіне жібердік. Олардың орнына шыққан екі футболшыда ойын тәжірибесі аздау болды. Дегенмен, олардың да кінәсі жоқ. Түсінбеушіліктен деп ойлаймын.

Әрине, «Тобылда» Қазақстан және Өзбекстан ұлттық құрамаларының шабуылшылары ойнады. Осал емес.
Бізде де мүмкіндіктер болды. Бірақ шабуылға жүйелі түрде шыға алмадық. Бірінші голды стандартты жағдайда соқтық. Сосын теңестірдік. Бірақ қайтадан гол жіберіп алдық. Қорғанысқа қарай кетіп қалып жаттық.

Қарсылас команда үш ойыншыны алмастырғаннан кейін ойын мәнері өзгерді. Өз ойынымызды ойнап, матчты жеңіспен аяқтадық. Жол да алыс болды. Барын салған жігіттерге рақмет.

Қазіргі «Тобылдың» жағдайы бізден де қиынырақ деп командаға айттым.
Екінші таймның 15 минутынан кейін қарсылас физиологиялық тұрғыда шаршаңқы болатынын болжадық. Және солай болды. Көп қателіктер жібере бастады. Бізде де қателіктер орын алды. Әрине, қорғаныста бұлай ойнамауымыз керек. Бұл қателіктерді түзеп, келесі «Мақтааралмен» болатын шешуші ойында деуге болады, чемпионаттағы ойындарға дайындықты толықтай күшейтеміз деп ойлаймын.

Келесі кездесуін «Тараз» 13 тамызда «Мақтааралға» қарсы өткізіп, Қазақстан кубогының топтық кезеңін аяқтайды.

Фото: «Тараз» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или