Б.Есмағамбетов пен Ә.Әлиев Қазақстан-Түркия матчында сарапшы болады

Қазақстан - Түркия матчында Болат Есмағамбетов пен Әли Әлиев сарапшы болады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 12 маусым күні тікелей эфирде 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан - Түркия матчын көрсетеді. Эфирде комментаторлармен бірге екі сарапшы жұмыс істемек. Қазақ тілінде – Болат Есмағамбетов, орыс тілінде – Әли Әлиев.

Болат Есмағамбетов Қазақстан, Ресей және Финляндияның бірқатап клубтарында ойнады. Семейлік «Елімай» мен павлодарлық «Ертіс» клубтарының намысын қорғады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 7 ойын өткізіп, үш гол соқты. Кейін семейлік «Елімай», қызылордалық «Қайсар» және қызылжарлық «Аксесс-Есіл» командаларын жаттықтырды.

Әли Әлиев қазіргі таңда петропавлдық «Қызылжар» командасының ойыншысы. Осы уақытқа дейін алматылық «Қайрат», павлодарлық «Ертіс», өскемендік «Восток», шымкенттік «Ордабасы» клубтарының намысын қорғады. Сонымен қатар, Түркияның бірінші лигасында «Акчаабат Себатспор», «Кайсери Эрджиесспор», «Карталаспор», «Диярбакырспор» командаларының сапында бес жыл ойнады. Қазақстан Ұлттық құрамасының жейдесінде екі матч өткізді.

Еске сала кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан - Түркия матчы Алматының Орталық стадионында өтеді. Матчтың басталуы - 22:00.

Дереккөз: ҚФФ ресми сайты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или